Бірде-бір көңіл көтеру іс-шарасы жақсы әрі сапалы жарықтандыруды қамтамасыз ететін құрылғыларсыз өтпейді. Солардың біріне заманауи жарықдиодты (LED) жалпылама жарық беруші (заливной) прожекторлар жатады. Бұл құрылғылар қолданылатын кеңістіктің максималды аумағын жеткілікті деңгейде жарықтандыру үшін клубтар мен дискотекалардағы, концерттер мен мейрамханалардағы қабырғаларды көмескі жарықпен көмкеру (подсветка) мақсатында және декоративті мақсаттарда қолданылады. Жарықпен безендіру жарық шоуын жасау үшін немесе сахнадағы белгілі бір нысанды, я болмаса іс-шара жүргізушісін ерекшелеп көрсету үшін пайдаланылады.
Жалпылама жарық (Заливной свет)
Бүгінгі таңда жалпылама жарықты қамтамасыз ету үшін электр энергиясын айтарлықтай үнемдеуге мүмкіндік беретін жарықдиодтар қолданылады, әрі бұл ретте жабдық өте аз қызады. Үнемділігінен бөлек, мұндай жабдық өте сенімді, жарықтың тазалығын және жоғары жарық бергіштігін қамтамасыз етеді. Мұндай жарық әдемі жарық эффектілерін жасау, алаңдағы түстерді өзгерту және түстермен ойнау үшін қолданылады.