Мазмұны:
Синтезатор – бұл электрондық сэмплдерді немесе дыбыс толқындарының синтезін пайдалана отырып, әртүрлі дыбыстарды шығара алатын немесе жасай алатын электрондық пернелі аспап. Сондай-ақ ол басқа аспаптардың дыбысталуын имитациялайды, жаңа дыбыстар шығарады және тіпті эффектілердің көмегімен оларды нақты уақыт режимінде өзгерте алады. Біздің интернет-дүкеннен жаңадан бастаушылар мен кәсіпқойларға арналған цифрлық және аналогтық синтезаторларды тиімді бағамен сатып ала аласыз.
Біз қандай синтезаторларды ұсынамыз
Назарларыңызға танымал брендтердің синтезаторларының кең таңдауын ұсынамыз:
- Arturia;
- Kurzweil;
- Aileen Music;
- Casio;
- Korg;
- Yamaha және т.б.
Біздің консультанттар сізге таңдау жасауға көмектеседі – балаға қандай аспап сатып алған дұрыс, қайсысы оқуға сәйкес келетінін айтып береді. Мысалы, көптеген модельдерде кірістірілген өздігінен үйреткіш (самоучитель) бар. Егер сіз ойнаған әуеніңізді тыңдағыңыз келсе – жазу функциясы бар синтезаторды сатып алуға болады. Әсіресе ойнап үйреніп жүргендер үшін бұл функция өте пайдалы. Ал егер сіз синтезаторды жақсы меңгерген болсаңыз, біз сіздің мақсаттарыңыз бен міндеттеріңізге қарай аспап таңдауға көмектесеміз.
Синтезаторды қалай таңдау керек
Бұл аспапты таңдау бойынша бірнеше кеңес берейік:
- Пернетақта түрі (Клавиатура типі). Дыбысталу сипаты перненің басылу күшіне байланысты болуы үшін сізге белсенді (активті) түрі қажет. Бюджеттік синтезаторларда, әдетте, пассивті пернетақта түрі болады;
- Дыбысталу диапазоны. Ол 3,5 октавадан басталады, бірақ бұл жеткіліксіз болуы мүмкін. Оңтайлы диапазон – 5 октава;
- Полифония. Оқу үшін полифониясы 32 дыбыстық синтезаторды алуға болады. Кәсіби түрде музыкамен айналысу үшін полифониясы 64 дыбыстық аспап сатып алған дұрыс.
Алматы, Астана, Шымкент қалаларында синтезаторды қалай сатып алуға болады
Өте оңай – аспапты таңдап, онлайн-тапсырысты рәсімдейсіз. Бұл бірнеше минутты ғана алады. Біз синтезаторды мұқият қаптаймыз, сондықтан оның бүтін әрі қауіпсіз жеткізілетініне және сізге музыка ойнаудан қуаныш сыйлайтынына сенімді бола аласыз. Қазақстанның барлық қалаларына – Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Қостанай, Қарағанды, Петропавл және т.б. қалаларға жеткізу қарастырылған.
Синтезаторлар туралы жиі қойылатын сұрақтар
Жақсы синтезатор қанша тұрады?
Синтезаторды қалай сақтау керек?
Ұсыныстар:
- Синтезаторды құрғақ әрі салқын жерде сақтаңыз. Аспаптың сумен жанасуын болдырмаңыз, оны жылу көздерінің жанына қоймаңыз;
- Шаңнан, кірден және зақымданудан қорғау үшін синтезатор қапта (чехолда) немесе сөреде тұруы керек;
- Синтезаторды сақтауға қоймас бұрын оны өшіріп, қуат көзінен ажыратыңыз. Бұл ықтимал зақымданулардың немесе қысқа тұйықталудың алдын алады;
- Синтезаторда зақымданулардың немесе ықтимал мәселелердің бар-жоғын тұрақты түрде тексеріп тұрыңыз;
- Егер ұзақ уақыт сақтауды жоспарласаңыз, батареялардың таусылуы мен коррозиясын болдырмау үшін олардың барлығын шығарып алыңыз.
Синтезатордың бағасына не әсер етеді?
Құнына мыналар әсер етеді:
- Дыбыстық дауыстардың (голостардың) және пернелердің саны мен сапасы;
- Функционалдық мүмкіндіктері;
- Бренд;
- Өлшемі мен салмағы;
- Жаңалығы (жаңа/ескі модель);
- Өндіруші ел.