Классикалық пианиномен салыстырғанда қолданудағы көптеген артықшылықтарының арқасында электронды пианино барған сайын танымал болып келеді. Әсіресе Kurzweil пианинолары үлкен сұранысқа ие. Бұл компанияның негізі жүз жылдан астам уақыт бұрын қаланған және ол өзін сапалы музыкалық аспаптар өндірушісі ретінде танытты. Оның ассортиментінде жаңадан бастаушылар мен тәжірибелі пайдаланушыларға арналған әртүрлі конфигурациядағы фортепианолар ұсынылған. Курцвейл брендінің цифрлық пианиносын Алматыда сатып алу біздің интернет-дүкенімізде кең ассортиментте ұсынылады.
Цифрлық пианиноны таңдау параметрлері
Аталған аспапты сатып алмас бұрын оның конструкция түріне назар аударған жөн. Осыған байланысты олар келесі түрлерге бөлінеді:
- Шанақты (корпусные) модельдер. Бұл негізінен ағаш массивінен жасалатын стационарлық құрылғылар. Олардың басты артықшылығы — сезімтал динамиктермен жабдықталуы. Осының арқасында дәл осы модельдер сериясы кәсіби ойнау үшін қолданылады.
- Тасымалы (переносные) модельдер. Дайындау материалы ретінде пластик қолданылады, бұл тасымалдауды айтарлықтай жеңілдетеді. Сондай-ақ мұндай пианиноның тіреуіші (тұғыры) болмайды.
- Жинақы (компактные) пианинолар. Бұл модельдерде шанақ үшін пластиктің орнына ДСП немесе жеңілдетілген ағаш пайдаланылады. Олар сапалы динамиктермен жабдықталады, соның арқасында пластик пианиноларға қарағанда барынша таза дыбыс шығаруға мүмкіндік береді.
Курцвейл цифрлық пианиносының негізгі артықшылықтары
Курцвейлдің цифрлық үлгідегі пианиносын сатып алудың артықшылықтарына мыналар жатады:
- өндірісте жоғары сапалы материалдарды қолдану;
- функционалдылық;
- кәсіпқойлар мен жаңадан бастаушыларға арналған кең ассортимент;
- өндірушінің сенімділігі және осы саладағы мол тәжірибесі;
- басқа танымал маркалармен салыстырғандағы қолжетімді бағалар;
- цифрлық пианинодан шығатын дыбыстың акустикалық аналогқа барынша жақындатылуы.
Неліктен Kurzweil брендінің цифрлық пианиносын «МузZone» дүкенінен сатып алған жөн?
Бізде танымал Kurzweil брендінің өнімдері тиімді бағамен ұсынылған. Сондай-ақ өнімнің түпнұсқалығын растайтын кепілдік пен сапа сертификаттары беріледі. Қазақстан және бүкіл ТМД бойынша жеткізу бар. Сыйлық сертификаттары қолжетімді. Біздің мамандар сіздің пайдалану мақсатыңызға сәйкес келетін пианиноны таңдауға көмектеседі.