«МузZone» интернет-дүкені — бұл жасөспірімдер мен олардың ата-аналарына, әуесқойлар мен кәсіпқойларға арналған музыкалық аспаптар мен басқа да жабдықтардың кең таңдауы.
Сайттың ыңғайлы навигациясы мен сәнді интерфейсі сізге қажетті аспапты оңай әрі жылдам табуға көмектеседі.
Біздің дүкенмен ынтымақтастықтың артықшылықтары:
- Брендтік тауарлар (Casio пианинолары, Ritmuller рояльдары, Kurzweil синтезаторлары және т.б.);
- 3 жылға дейінгі кепілдік мерзімі;
- Сарапшылардың тегін кеңестері;
- Бүкіл Қазақстан мен ТМД елдері бойынша жеткізу;
- Сыйлық сертификаттарын сатып алу мүмкіндігі;
- Тауарды алған кезде төлеу (наложенный платеж) мүмкіндігі;
- Жеке сервистік орталықтың болуы.
Casio санаты: пернелі аспаптар
Касио электронды пианиносы «балғашықтардың» көмегімен мінсіз дыбыс шығарады және базалық синтезаторға қарағанда жоғары сапалы дыбыс беруімен ерекшеленеді.
Ұсынылған Касио пианиносының барлық модельдері — тасымалдауға ыңғайлы (тасымалы), жоғары техникалық сипаттамаларға ие (полифония параметрлері, дыбысты басқару, жиынтықталуы, функционалы бойынша).
Тасымалдауға ыңғайлылығы мен жинақылығының арқасында Касио пианиносын ұйымдарда, мектептерде, мекемелерде іс-шаралар өткізу үшін ғана емес, сонымен қатар гастрольдік концерттік қызмет үшін де сатып алуға болады.
Каталог бұрынырақ шыққан, бірақ танымал модельдерді де, жаңа (қосымша тембрлерімен ерекшеленетін) модельдерді де сатып алуға мүмкіндік береді.
Casio синтезаторлары
Интернет-дүкен Casio синтезаторларын да көтерме бағамен сатып алуды ұсынады. Олардың ырғақтарының, тембрлерінің, ноталарының, полифониясының саны көп. Бір сөзбен айтқанда, әуесқойлар мен кәсіпқойлар үшін таптырмас базалық құрылғы.
Біздің музыкалық сарапшылардан тегін кеңес алып, Casio брендінің ең үздік синтезаторын немесе цифрлық фортепианосын таңдауға асығыңыз.