Jackson гитаралары ауыр музыка шығаратын музыканттар арасында үлкен сұранысқа ие, өткен ғасырдың 80-жылдарында осы жанрдың танымал болуының арқасында гитара мойынының (гриф) басында осы атауы бар аспаптар музыкалық аспаптар нарығында өз орнын берік иеленді.
Jackson гитаралары
Өзіндік ерекшелігі
Дерлік қолмен жиналатын Джексон гитаралары көпжылдық жинау дәстүрлерін, инновациялық тәсілдерді және озық технологияларды сәтті ұштастырады. Мысалы, Jackson компаниясы гитара мойыны шанақ (корпус) арқылы өтетіндей етіп жасалған (сквозной гриф) алғашқы электрогитараны шығарды.
Бүгінгі таңда Jackson компаниясы Fender компаниясының құрамына кіреді. Оның аспаптарын ауыр рок әлеміндегі Machine Head, Megadeth, Def Leppard, Iron Maiden және басқа да танымал топтардың гитаристері қолданады.
Артықшылықтары
Jackson электрогитарасының шығыс сигналында шу жоқтың қасы және ол толық тоналды спектрге ие. Бұл гитаралар риффтерді ойнағанда тығыз әрі қанық дыбысымен, ал соло партияларында мәнерлі үнімен ерекшеленеді.
Jackson бренді гитараларының басты артықшылықтары:
- жоғары сапалы ағаш;
- заманауи құрамдас бөлшектер;
- ойнауға ыңғайлылығы;
- айқын дизайн.
Jackson брендінің өнімдері МузZone интернет-дүкенінде
Jackson брендінің аспаптары МузZone интернет-дүкенінде кең ассортиментте ұсынылған. Дүкен кеңесшілері нақты бір стильдік бағытқа арналған модельді таңдауда барлық қажетті көмекті көрсетеді. Бұл жерде кәсіби кеңес алуға және сыйлық сертификатын сатып алуға болады. Жеткізу ТМД елдеріне және Қазақстан аумағы бойынша жүзеге асырылады.