Мазмұны:
Электрогитара – рок-музыканың басты атрибуты. Дегенмен ол басқа да жанрларда қолданылады: джаз, блюз, регги, фолк және т.б. Бұл ең әмбебап аспап деуге болады, ал электрогитарада ойнау кезінде қолдануға болатын көптеген эффектілердің арқасында оның дыбысталуы түбегейлі өзгереді – ол сіз таңдаған өңдеуге байланысты жеңіл, ауыр, компрессияланған, модульденген болуы мүмкін.
Электрогитаралардың айырмашылығы неде?
Дерлік барлық нәрсесінде – қандай элементті алсаңыз да, оның әрқашан баламасы бар. Бірақ бәрін ретімен қарастырайық:
- Пішіні (формасы) – Stratocaster, Telecaster, Mustang (Fender компаниясы танымал еткен), SG, Explorer, Flying V, Les Paul, Thunderbird (Gibson компаниясы танымал еткен), «банка» (жартылай акустикалық гитаралар), Superstrat және басқалары. Ойнаудың ыңғайлылығы пішінге байланысты. Мысалы, егер сізге 15-ші пернеден жоғары ладтарға қол жеткізу керек болса, онда пішінде төменгі ойық қарастырылуы тиіс. Сондай-ақ кейбір модельдердің теңгерімі (балансы) өзгеше – мысалы, Gibson SG-де гриф жағы ауырлық түсіріп тұрады, сондықтан оны үнемі демеп отыру керек. Егер сіз Flying V («жебе») пішінді гитараны алғыңыз келсе, мұндай аспапта отырып ойнау аса ыңғайлы емес екенін ескеріңіз.
- Дыбысқабылдағыштар (датчиктер). Дыбыстың сипаты – сустейн, тембрлік реңк соларға байланысты. Ең танымал түрлері – сингл және хамбакер. Сингл – бір катушкалы жалғыз датчик, ол «шыны тәрізді» мөлдір таза дыбыс үшін қолданылады, ал овердрайв/дисторшн (перегруз) әсерінде өте өткір естіледі. Хамбакер – қос дыбысқабылдағыш, көбінесе тығыз, қанық перегруз дыбысы үшін қолданылады және синглге қарағанда фондық шуы азырақ болады. Негізінде, нақты ережелер жоқ – кез келген музыкада синглдарды да, хамбакерлерді де қолдануға болады, бұл жерде мәселе жеке талғамда. Бридждік хамбакері бар және нек пен мидл позицияларында синглдары бар модельдер де кездеседі – датчиктерді ауыстырып қосу арқылы сіз дыбысталу сипатын өзгерте аласыз.
- Ішек ұстағыш (бридж). Бұл бекітілген (фиксацияланған) бридж немесе тремоло машинкасы болуы мүмкін. Егер сіз рычагпен ойнамайтын болсаңыз, бекітілген бриджі бар электрогитара сатып алған дұрыс. Тремоло машинкасы серіппелердің көмегімен ұсталып тұрады, оларды уақыт өте келе ауыстырып тұру қажет. Егер сіз вибрато эффектісі үшін машинканы жиі қолдансаңыз, гитараның күйі де (строеж) жиі бұзылатын болады. Машинкалардың қарапайым – нотаны төмендетуге арналған – және екі жақты Floyd Rose – төмендету мен көтеруге арналған түрлері болады. Сондай-ақ винтаждық Bigsby жүйесі бар модельдер де бар.

Әрине, электрогитаралар материалы – ағашы бойынша да ерекшеленеді. Бірақ дыбысты соқыр тестілеу (слепой тест) арқылы ағаш түрін, грифтегі бастырманы және басқаларын ажырату дерлік мүмкін емес, сондықтан бұл критерийді қарастыру аса маңызды емес. Мысалы, YouTube желісінен Lego-дан жасалған корпусы бар, бірақ дыбысталуы ағаш гитарадан еш айырмашылығы жоқ гитара туралы қызықты видеоларды табуға болады.
Электрогитаралардың бағасы
Құны брендіне байланысты – мысалы, кәсіби Fender модельдері, әдетте, оның еншілес компаниясы Squier модельдеріне қарағанда қымбатырақ тұрады. Сондай-ақ бағаға тремоло жүйесінің болуы немесе болмауы әсер етеді. Сапалы жүйенің өзі айтарлықтай қымбат тұрады, бұл бүкіл электрогитараның бағасына әсерін тигізеді.
Астана, Алматы, Шымкент және басқа қалаларда электрогитараны қалай сатып алуға болады
Біздің интернет-дүкеннен сіз танымал брендтердің электрогитараларын онлайн сатып ала аласыз:
- Fender;
- Cort;
- Jackson;
- Gretsch және т.б.
Сондай-ақ электрогитараға арналған аксессуарларды – ішектерді, кабельді, медиаторларды, тюнерді, қапты, белдікті және басқаларын сатып алуға болады. Астана, Алматы, Шымкент және Қазақстанның басқа қалаларына жеткізу қарастырылған. Төлем – кез келген ыңғайлы тәсілмен.