Мазмұны:
Гитараның дыбысталуы ішектердің арқасында жүзеге асады, оларсыз аспаптан дыбыс шығару мүмкін емес. Акустикалық гитараға арналған ішектерді сауатты таңдау үшін мынаны білу керек: олардың қайсысы жаңадан бастаушыларға қолайлы, ал қай түрлерін кәсіпқой музыкант таңдауы тиіс. Күшейткіштер мен дыбысқабылдағыштары бар электрлі гитарамен салыстырғанда, акустикалық гитараның ішектері жалпы дыбысталуға анағұрлым күшті әсер етеді.
Акустикалық гитараға арналған ішектерді таңдау кезінде не нәрсені ескеру қажет
Таңдау кезінде белгілі бір танымал брендке немесе әйгілі фирмаға тиесілі болу әрдайым негізгі белгі бола бермейді. Ең бастысы — аспап пен қаптаманың тұтастығы, кез келген зақымдану дыбыс сапасын төмендетуі мүмкін.
Таңдауды жүзеге асыру кезіндегі негізгі факторлар:
- ішектің калибрі (жуандығы) — жіңішке модельдер тезірек үзіледі, ескі аспаптарға және жаңадан бастаған музыкантқа өте қолайлы, өйткені олармен ойнау жеңілірек;
- корпус типі — дека неғұрлым кіші болса, оған ішектің диаметрі де соғұрлым кішірек келеді, ал жуан ішектер өлшемі неғұрлым ауқымды декасы бар аспаптарға орнатылады;
- материал — қолдану мерзіміне, дыбыс сапасына және ойнау кезіндегі ыңғайлылыққа әсер етеді; түрлерінің типологиясы кең: металдар, қорытпалар, қоспалар кездеседі; гитара ішектерінің бағасы материалға байланысты, әрине, әртүрлі болады; металл ішектер — ең кең таралған түрі;
- ішек өзегінің (сердечнигінің) формасы — әртүрлі модификациялардың иілгіштігі, тонның ашықтығы, шабуыл күші (сила атаки) және дыбысталу стилі (винтажды немесе заманауи дыбыс) әртүрлі болады;
- орам типі (дөңгелек, жартылай дөңгелек, тегіс);
- аспаптың жасы мен күйі: көне аспаптар жуан калибрлі ішектің тартылу күшіне төтеп бере алмайды;
- қаланатын ойнау стилі мен тон — дыбысталу тереңдігі, ішектерді теріп ойнау (перебор) немесе қағып ойнау (бой).