Музыкалық аспаптарға арналған аксессуарлардың маңыздылығы аспаптың өзінен кем түспейді. Сапасыз қосымша элементтермен жақсы дыбыс шығару мүмкін емес. Сондықтан жақсы брендтің аксессуарын асыра бағалау қиын. Про Марк барабан таяқшаларын сатып алу — бұл кепілдікке қол жеткізу және барабан қондырғысында құлақ құрышын қандыратын дыбыспен ойнаудың кепілі.
Барабандарға арналған Pro Mark аксессуарлары: уақытпен тексерілген бренд
АҚШ-тан шыққан сауда белгісінің жарты ғасырдан астам тарихы, сондай-ақ осы атаумен шығатын өнімдердің бүкіл жер шары бойынша 100-ден астам елде сатылуы бұл маркаға көпшіліктің сенім артатынын білдіреді. Компания мен сауда белгісінің негізін қалаушы — көп жылдық тәжірибесі бар барабаншы, өз ісінің кәсіпқойы, сондықтан барабандарға арналған аксессуарлар істің мән-жайын біле отырып, жан жылуымен жасалған. Өндіруші экологиялық теңгерім мен заңдарды ешбір жағдайда бұзбай, өндірісте тек ең қатты тұқымды ағаштарды ғана қолданады:
- бағалы гикори жаңғағы;
- үйеңкі;
- берік жапон емені.
Ағаш бірден Pro Mark белгісі бар барабан таяқшасына айнала қоймайды. Тек озық әрі ең үздік жабдықтарды қолдана отырып, өңдеудің тұтас бір тізбегінен, сапа сәйкестігін тұрақты тексеруден өтеді. Осы кезеңдердің барлығынан өткеннен кейін ғына әлеуетті сатып алушыға жететін аксессуар дайын болады. Бұл өнімдердің бүкіл әлемде жоғары сапа мен шексіз сенімділіктің эталоны саналып, барабан қондырғыларының дыбысын жақсарта түсуіне көмектесуі бекер емес.
Pro Mark фирмасының барабан таяқшаларын МузZone дүкенінен сатып алу
Музыкалық аспаптар, жастарға, ата-аналарға және кәсіпқойларға арналған жабдықтар сататын МузZone интернет-дүкенінен Про Марк сауда маркасының аксессуарларын 3 жылға дейінгі кепілдікпен сатып алуға болады. Кәсіби кеңесшілер қажетті тауарды таңдауға көмектеседі.